«Өскемен-Алтай – Үлкен Нарын – Рахман қайнарлары» тасжолында жүк көліктеріне шектеу енгізіледі

331
көрілім

Бұл туралы ШҚО ПД баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

«Ағымдағы жылдың 2 қарашасынан бастап Республикалық маңызы бар "Өскемен-Алтай – Үлкен Нарын – Рахман қайнарлары" автомобиль жолының 6 – дан 66 шақырымына дейінгі учаскесінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тіркемелері және жартылай тіркемелері бар жүк көліктері үшін 2019-2020 жылдардың қысқы кезеңі аяқталғанға дейін шектеу енгізіледі» делінген ШҚО ПД-ның хабарламасында.