Өскеменде 30-дан аса мектеп пен 20-дан аса балабақша жөнделеді

266
көрілім

Білім мекемелерінің ағымдағы жөндеу мен толық жөндеу жұмыстарына биыл 400 млн. теңгеден артық қаржы бөлінген, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Қала әкімдігінің сөзінше, 15 білім беру және мектепке дейінгі мекемелердің шатыры жөнделеді. 20 ғимараттың жылу жүйесі жаңартылса, 9 мекеменің терезелері ауыстырылмақ.
Шаһар басшысы Жақсылық Омар №34 орта мектептің жерасты суларынан гидроизоляциялау жұмыстарымен танысты.
Ал, қаладағы №4 орта мектебін аралау кезінде кешеуілдеуді байқаған. Осы орайда  қала әкімі жұмысшыларға жұмысты жандандыруды тапсырды.
Бұдан басқа, бүгінде қалада 16 мектепте жаңа оқу жылына әзірлік жұмыстары аяқталған.