Өскеменде 4 ұялы телефонды жымқырған ұры полиция қызметкерлерінен қашып құтылмақ болған

335
көрілім

Полицейлердің мәліметіне сүйенсек, оқиға шілде айының басында «Тамерлан» сауда орталығына жақын маңда орын алған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

31 жастағы жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреу оның қалтасынан төрт Samsung және Nokia телефондарын ұрлап кеткен. Келтірілген шығын мөлшері 60 мың теңге шамасында бағаланды.

– 28 жастағы күдікті тәртіп сақшыларын көргенде қаша жөнелген. Бірақ полиция қызметкерлері оны құрықтап, тергеу амалдарын бастады, – деп хабарлады Өскемен қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ