Өскеменде бірқатар құрылыс компаниялары жүктелген міндетті мерзімінде орындамаған

291
көрілім

ШҚО әкімі Даниал Ахметов тұрғын үйлерді қолданысқа енгізу мерзімін кешіктіріп жатқан құрылыс компанияларын сын садағына алды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Өскемендегі 19 шағын ауданда бой көтеріп жатқан тұрғын үй нысандарын аралап қайтқан аймақ басшысы жүктелген міндетті орындамаған бірқатар құрылыс компанияларына айыппұл салынатындығын айтты.

- Осыған орай талдау жүргізіп, мерзімінен кешіктіру жағдайын егжей-тегжейлі тексеріп, сот ісінің процедурасын бастау керек.  Жауапсыздық танытқан компанияларға қосымша айыппұл санкциясы салынады. Біз бұған дейін мердігерлердің жағдайына түсіністікпен қарап келдік, бірақ енді олай болмайды, - деді Даниал Кенжетайұлы.