Өскеменде екі азамат Үлбі өзеніне құлап кеткен баланы құтқарды

484
көрілім

Тұрғындар жан дауысы шыққан ананың айқайын естіген бойда баланы құтқарамыз деп суға қарай асықты, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Тамыздың 26-сы күні Үлбі жағалауындағы балалар алаңында қайғылы жағдай орын ала жаздады. Қараусыз қалған бала өзенге құлап кетті.

– Ол кезде жақын маңда жүрдім. Кенет бір қыздың жанұшыра айқайлап, баласының суға құлап кеткенін айтты. Мен ойланбастан батып бара жатқан баланы құтқаруға жүгірдім, – дейді Ахат Айдаров.

Сәлден кейін Ахатқа Әлішер Табылдиев те көмекке келіп жетті. Бағына орай ол да таяу маңда жүрген-ді. Баланың құлап кеткен сәтін Ахат көрмеген. Дегенмен ол балалар алаңқайында жүрген ананың назары екінші баласына ауып кеткендіктен, тағы бір нәрестесі көпірдің жақтауына өз еркімен кетіп қалған. Жігіттің айтуынша, құтқарылған сәби шамаvен бір жаста екен.

Нұрбек АСҚАРОВ