Өскеменде электронды билеттеу жүйесіне көшудің жаңа мерзімі белгіленді

271
көрілім

ШҚО Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қоғамдық көліктерге электронды билеттеу жүйесі қашан енгізілетінін айтты, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

- Қоғамдық көліктерді электронды билеттеу ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады, - деп хабарлады басқарма басшысы Нұржан Жұмаділов баспасөз конференциясында. - Қажетті жабдықтар дайын. Барлық жұмыстар жоспарға сәйкес орындалады.

Естеріңізге сала кетейік, электронды билеттеу жүйесі алдымен трамвайларға енгізілетін болады және ол мамыр айының соңына дейін жүзеге асады деп күтілуде.