Өскеменде әскерилер арасында Жазғы спартакиада чемпионаты өтті

437
көрілім

Өскеменде 6699 әскери бөлімі базасында Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының жазғы спартакиадасының  жеке-командалық чемпионаты өтті. 
Ұлттық ұлан спортшылары әскери бессайыс, алғаш рет әскери әйелдер қатысқан штаттық қарудан оқ ату және жеңіл атлетикалық кросстан өзара бақ сынасты.
Сондай-ақ әскерилер спорттық атыстан, алысқа және дәлдікке граната лақтырудан, 400 метрлік қашықтыққа жүгіріп,  кедергі жолақтарынан өту және 5-10 шақырым қашықтыққа жеңіл атлетикалық жүгіруден кіл мықтыдан кім мықтыны анықтады.
Бұдан бөлек, әскер спортшылар еркін стильде  судан жүзуден 50 метр қашықтыққа жарысқа қатысты.
Чемпионатқа  жалпы саны 77 спортшыны құрайтын «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына  қарасты Өскемен, Семей, Курчатов, Павлодар қалаларынан келген әскери бөлім командалары қатысты.
Жазғы спартакиада чемпионатының  қорытындысы бойынша штаттық қарудан оқ ату жүлделі 1-орынды  Курчатов қаласының 3514 әскери бөлімінің құрама командасы алса,  2-орынды Павлодар қаласының 5512 әскери бөлімінің құрама командасы иеленіп, 3-ші орынды Өскемендегі 3477 әскери бөлімінің командаса місе тұтты.
Әскери бессайыстан Павлодар қаласының 5512 әскери бөлімінің құрама командасы  жүлделі 1-орынды қанжығасына байлап, 2-орынды Семейдегі 5511 әскери бөлімінің командасы жеңіп алды, ал 3-ші орынды Курчатов қаласының 3514 әскери бөлімі командасының еншісіне бұйырды.
Жеңіл атлетикалық кросстан жүлделі 1-орынды Курчатов қаласының 3514 әскери бөлімі иеленді. 2-орынды Өскемендегі 5518 әскери бөлімінің құрама командасы жеңіп алса, 3-ші орынды Өскемендегі 6699 әскери бөлімінің құрамасы  қанжығасына байлады.
Жазғы спартакиада чемпионатының жеке есебінде   жеңімпаз атанғандар медальдар мен арнайы грамоталармен марапатталды.
 
Бағдат Амангелді,
 «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының
баспасөз қызметі бастығы