Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

325
көрілім

Ертең облыс орталығында II деңгейлі қолайсыз метеорологиялық жағдай (НМУ) қалыптасады, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
- Бүгін кешкі сағат 21.00-ден ертеңгі сағат 21.00-ге дейін Өскемен, Риддер және Жаңа Бұқтырма аумағында II дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі, - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Ескерте кететін жайт, мұндай жағдайларда ластаушы заттар атмосфераның беткі қабатында жиналуы мүмкін.
Қазгидрометтің облыстық филиалы таратқан мәліметке сүйенсек, 12-18 қараша аралығында Өскеменде барлық анықталған заттар үшін ШРК болған жоқ.