Өскеменде марихуана өсіруге арналған есірткі зертханасы жойылды

370
көрілім

Қаңтар айында ШҚО ПД криминалдық полиция қызметкерлері есірткі заттарының заңсыз айналымына Өскемен қаласы тұрғының қатысы барын анықтаған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жедел уәкілдер оның тұрғылықты жерін санкцияланған тінту нәтижесінде марихуана өсіруге арналған зертханасын тапты. Зертхананың өзі көпшілік байқай бермейтін таса жерде орын тепкен. Ыдыстағы есірткі өсімдіктері белгілі бір температура мен ылғалдылық сақталатын екі қосалқы бөлмеде өсірілген.
 - Тінту кезінде 154 түп марихуана анықталды, оның жалпы салмағы 19 келіні құрайды, - деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов
Сот санкциясымен қамауға алынған 40 жастағы күдіктінің әрекеті ҚР ҚК-нің 300-бабы 2-бөлігіне (құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) сәйкес сараланады. Оның санкциясы 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.