Өскеменде нашақор шприцпен ұсталды

686
көрілім
Шартты фотосурет

Өскемен қалалық Полиция басқармасы Солжағалау полиция бөліміне «Дәрмек» жедел-алдын алу шарасын жүргізу барысында есірткіге есеңгіреген 34 жастағы ер адам ұсталғаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жеке тінту барысында күртешесінің сол жақ ішкі қалтасынан қоңыр түсті сұйықтығы бар шприц табылған.

– Маман қорытындысына сәйкес алынған зат жалпы салмағы 0,0511 гр экстрациондық апиын деген есірткі заты болып саналады, – делінген ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.