Өскеменде жас келіншек көпқабатты үйден секіріп кеткен

364
көрілім

20 мамыр күні сағат 15.30-да „102“ жедел арнасына Пушкин кітапханасы маңында көпқабатты тұрғын үйден әйел адам секіріп кеткені жайлы хабар түскен. Оқиға Қазақстан көшесінде болған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі. 

Оқиға орнына Өскемен Полиция басқармасының жедел-тергеу тобы жеткен. Тәртіп сақшылары зардап шегушінің жеке тұлғасын анықтады. 31 жастағы қала тұрғыны сол жерде жантәсілім еткен.

Алдын ала деректер бойынша азаматша адам өміріне қауіпті ауыр жарақаттар алған, деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз хатшысы.

Қазіргі уақытта оқиғаның себебі анықталу үстінде, сот-медициналық сараптама тағайындалды.