Өскемендегі «ARU»-IT» мектебі алғашқы сабағын бастады

976
көрілім

Өскемендегі Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапханада бойжеткендер мен қыз балалар арналған «ARU»-IT» мектебі ашылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
 IT - саласына қызығушылық танытқан арулар алғашқы сабақтарын да бастап кетті.
«ARU»-IT» мектебі сізге 3D-үлгілеу, 3D Home Design - интерьер-локацияны үлгілеу, digital fashion (сандық киім үлгілері) және VR-қосымша жасауды тегін үйретеді. Оған 12-17 жас аралығындағы бойжеткендер мен қыз балалар қабылданды.
Айта кетейік, бұл жоба Евразия қоры жүзеге асыратын АҚШ халықаралық даму агенттігі (USAID) қаржыландыратын Орталық Азиядағы Әлеуметтік Инновациялар бағдарламасының демеушілігімен жасалды.


- Бұл жоба біз үшін үлкен қолдау болды. Сабақтан тыс уақытта қосымша білім алуымызға таптырмас мүмкіндік жаратқан кітапханаға алғысымыз шексіз. Жоба арқылы жаңа технологияларды меңгеріп, білімімді тереңдетімін. «ARU»-IT» мектебін бітіргеннен кейін арнайы сертификат алып шығамыз, - дейді колледж студенті Воротникова Мария.