Өскемендегі бас алаңдағы киіз үй жөндеуге жіберілді

296
көрілім

Облыс орталығында наурыз айында орнатылған нысан қайта жөндеуге жіберілді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
 Қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Әлібек Тұрсымбетовтың айтуынша, бұзақылар сымдарын үзіп, пластиктен жасалған бөліктерін сындырып тастаған. Осыған байланысты нысанды қайта жаңартуға жөнелткен.
 - Киіз үйді қалпына келтірген соң орнына қайта қояды, - дейді баспасөз хатшысы.
 Еске сала кетсек, алтын түстес өрнектелген қазақи көшпелі киіз үйдің үлгісі Наурыз мейрамы қарсаңында орнатылған. Әкімдіктегілер киіз үй жаз бойы алаңның көркі болады деп сендірді. Нысанның ішіне демалушыларға ыңғайлы жасанды газон да жайылған еді.