Өскеменге жыл бітпей 85 автобус сатып алынбақ

323
көрілім

Жауапты тұлғалардың айтуынша, қоғамдық көліктердің іші кең, тұрғындар үшін жайлы, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Ернар Мұстафин мұның алдында Семей қаласына 170 жаңа автобус алынғандығын тілге тиек етті.

– Бұл тез арада жүзеге аспайтын жұмыс. Мемлекеттік сатып алу талабына сәйкес, аталған жұмыстар жыл бітпей шешімін табады. Бәлкім қазан, қараша айына дейін өскемендіктер жаңа автобустармен қатынайды, – дейді ол.

Одан бөлек, Ернар Мұстафин Өскемендегі 85, Семейдегі 170 қоғамдық көліктің бағасы бір-біріне қарайлас екендігін мәлімдеді.

Нұрбек АСҚАРОВ