Өскеменнің жастары «Тәуелсіз ел жастары» акциясын өткізді

378
көрілім

Өскеменде Республиканың Тәуелсіздік Күніне арналған «Тәуелсіз ел жастары» атты акция өтті.

Өскемендегі «Император» сауда кешенінің аумағында ШҚО Ішкі саясат басқармасының Жастар ресурстық орталығының қолдауымен белсенді жастар «Тәуелсіз ел жастары» акциясын өткізді. Акция барысында автокөлік иелеріне машинаға арналған мерекелік жапсырмалар таратылды.

Бұл акцияның негізгі мақсаты – Тәуелсіздік құндылықтарын насихаттау, отансүйгіштікке тәрбиелеу, және тұрғындар мен қала қонақтарын мерекемен құттықтау.

ШҚО аймақтық коммуникация қызметі