Риддер тұрғыны өтірік айтып, бір миллион теңгеге жуық қарызын төлеуден жалтарып кетпек болған

1131
көрілім
Фотосурет ашық дерекккөзден

Ер адам қарызын төлеуден жалтару мақсатында өзіне қарақшылық шабуыл жасалғанын айтқан, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
30 жастағы ер адам Риддер қалалық полиция бөліміне қарақшылық шабуылға тап болғаны туралы хабарлаған.
Жәбірленушінің айтуынша, түнде бетперде киген бейтаныс үш адам үйіне кіріп, тепкінің астына алып, 3 820 000 теңге көлемінде ақшасын алып кеткен.
Тәртіп сақшылары осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 192-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғады.
Алайда арада аз уақыт өткенде арызданушы басқадай оқиғаны тізбеледі. Ол өзіне қатысты ешқандай қылмыс жасалмағанын, мұның бәрін өзінің танысына 950 000 теңге қарызын қайтарғысы келмегендіктен ойлап тапқанын мойындады.
Енді ҚР ҚК-нің 419-бабының 3-бөлігіне сәйкес (жалған жәбірленушіге) үш жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.