Риддерде тау-шаңғы курорты салынбақ

117
көрілім
ашық дереккөзден

Риддерде «Анатау» тау шаңғысы курортын салу жоспарланып отыр. Бұл демалыс аймағы Азиядағы ең ірі демалыс орны болмақ деп хабарлайды, Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қала әкімі Дәулет Батырбаевтың айтуынша, жобаны жүзеге асыру өңірдегі қысқы туризмнің даму мен өркендеуіне септігін тигізеді.
- Қазір қаланың бас жоспарын түзетіп жатырмыз. Жобалаушыларға тау-шаңғы курортына арналған жерді орман қорынан шығару тапсырмасы берілді. Бұл жұмысты биыл аяқтаймыз, - деді Дәулет Бахитұлы жуықта өткен брифингіде.
Кейінірек, инфрақұрылымды жобалау жұмыстары жалғасатын көрінеді.
- Бұлар ерекше қорғалатын аумақтар болғандықтан, барлық экологиялық нормалар сақталуы керек, -  деді өңір басшысы.
Әкімнің сөзінше, ендігі кезекте инвестициялық пакеттерді әзірлеп, қазақстандық және шетелдік компанияларға қаржыландыруды ұсынады. «Анатау» шипажайында түрлі деңгейдегі шаңғы трассалары салынады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, Дәулет Батырбаев жарыс кезінде спортшылар, жаттықтырушылар және туристерді оңай орналастыру үшін қонақүйлер салу жоспарда барын алға тартты.