Риддерлік зейнеткер алаяқтың арбауына түскен

332
көрілім

Жол ережесін бұзған егде жастағы ер адам бейтаныс біреуден көмек сұраймын деп алданып қалды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Аталған оқиғаға дейін 65 жастағы риддерлік азаматқа мас күйде көлік жүргізгені үшін әкімшілік хаттама толтырылған. Бұл жағдайға байланысты ол, 31 жастағы бейтаныс жігітке 130 мың теңге ақша беріп көлік жүргізу куәлігінен айырылмау амалын жасаған. Алайда сот залынан еш нәтижесіз шыққан соң алданғанын түсініп, тәртіп сақшыларына шағымданған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында заңбұзушының еш жерде жұмыс істемейтіндігін айтып, кінәсін мойындады.

Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.