Сағадат Нұрмағамбетов атындағы саябақтың ашылуы кешеуілдеп жатыр

469
көрілім
Шартты фотосурет

Шаһар басшысы Жақсылық Омар осыған дейінгі сөзінде аталған жұмыс маусым айының соңында тәмамдалатынын мәлімдеген болатын, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қазіргі уақытта Қазыбек би көшесіне қарасты салынып жатқан саябақ жұмысы аяқталуға жақын. Бұған дейін ол аумақта «Өскемен» аллеясымен қатар Тәуелсіздік монументі бой көтерген еді. Жаңа саябақ Кеңес Одағының батыры Сағадат Нұрмағамбетовтың есімімен аталады.

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы саябақтың ауданы – 1,5 гектар. Қазірдің өзінде мұнда жарықтандыру бағаналары орнатылып, 370 түп ағаш отырғызылып, төрт субұрқақ орнатылған.

– Серуендеуге арналған алаң, әсем субұрқақтар, ескерткіштер және жайлы отырыс орындары саябақтың ғана емес, қала көркін де аша түсуде, – деді Жақсылық Омар.

Саябақ ішіне заманауи архитектуралық мүсіндер мен Сағадат Нұрмағамбетовке арналған ескерткіш те қойылған.