Сатуға тыйым салынған

287
көрілім

Облыс аумағындағы базарлардың бірінен халық медицинасында қолданылатын емдік заттардың барлық түрін сатып алуға болады. Онда борсықтың, аюдың майымен қатар тіпті иттің де майы сатылымға шығарылған. Иттің майын сату айыппұл салуға әкеп соғатынын сатушылар білмейтін сыңайлы.

Глубокое ауданының Черемшанка ауылына қонақтап барған облыс орталығының тұрғыны мұндағы базарлардың барлығында дерлік иттің майы сатылатынына куә болған. Телефонына түсіріп алған видеоны әлгі адам жануарлар құқығын қорғаушыларға көрсетті.

- Иттің майын өндіріп, сатқан адам Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 408-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады. Мұндай заңбұзушылық үшін 3 АЕК (7215 теңге) мөлшерінде айыппұл салу қарастырылған, - деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің өкілдері майдан жасалған кез келген өнімнің тоңазытқышта сақталуы қажет екенін айта келіп, адамдардың инфекциялық ауруларды жұқтырып алуы мүмкін екенін тілге тиек етті.

Айсұлтан АЗАМАТ