Семей қаласының маңындағы зираттан өрт шыққан

532
көрілім

Знаменск тасжолы бойында өртенген зираттың аумағы 800 шаршы метрді құрады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


- Семей қаласындағы „Знаменск тасжолының алтыншы шақырымы отқа оранды“ деген хабар келді. Бұл жерде православ және мұсылман зираттары бар, - деп хабарлады Семей қаласы ТЖБ.


Өрт құрғақ шөп пен қоқыстан тұтанған. Лаулаған жалын зират аумағына да жайылып кеткені анықталды.


- Өртенген жер аумағы 800 шаршы метр, - делінген Төтенше жағдайлар қызметі таратқан мәліметте. - Оқыс оқиғаның негізгі себебі — өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау.