Семей қаласының тұрғыны алаяқтың арбауына түсіп қалды

479
көрілім

Қызын медакадемияға грантқа түсірмек болған семейлік тұрғын 2 млн. теңге беріп, алданып қалған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


6 тамыз күні Әуезов полиция бөліміне Абай ауданының тұрғыны хабарласып, осы жылдың шілде айында алаяқ әйелге алданып қалғанын айтқан. Оның айтуынша, сенімге кірген аса таныс емес нәзікжанды жәбірленушінің қызын бюджеттік негізде оқуға түсіремін деп 2 млн.теңгесін алып, ізін суытқан.
– Жедел іздестіру шаралары барысында күдікті анықталды. 38 жастағы қала тұрғынына қатысты ҚР-ның ҚК бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.