Семейде 79 жастағы зейнеткерді туған ұлы тонап кеткен

361
көрілім

Жәбірленуші тәртіп сақшыларына қоңырау шалып, ас үйіндегі үстелінен ақшасы ұрланғандығын айтқан, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Ұры 5000 теңге ақшаға қоса еден сырлайтын бояуды да алып кеткен.

Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде ұры 56 жастағы туған ұлы болып шықты. Тергеу барысында күдіктінің еш жерде жұмыс істемейтіндігі анықталды. Кінәсін толық мойындаған ол, ақшаға қатты қысылғанын және бояуды сату үшін алғанын жеткізді. Ұрланған заттар иесіне қайта қайтарылды.

Семей қалалық ПБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, заңбұзушыға қатысты қылмыстық іс қозғалып, бұлтартпау шарасы қолданылды.