Семейдегі стратегиялық объектілердің біріне 1 млн теңге айыппұл салынды

2548
көрілім
Шартты фотосурет

Семейдегі мекемелердің бірін тексеру барысында ШҚО Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері террористік тұрғыдан осал стратегиялық объектінің инженерлік-техникалық нығайтылу талаптарына сәйкес келмейтін заң бұзушылықтарын анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Тексеру барысында бірқатар өрескел кемшіліктер анықталғанын айта кеткен жөн. Атап айтқанда, бақылау-өткізу пунктінде, күзет үй-жайында, сондай-ақ күзет дабылы жүйесінде, рұқсатты басқаруды бақылау жүйесінде, жедел байланыс жүйесі мен хабарлау және күзет жарықтандыру жүйесінде бұзушылықтар табылған.

- Анықталған бұзушылықтарға сәйкес акционерлік қоғамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 149-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар анықталған бұзушылықтарды 30 жұмыс күні мерзімі ішінде жоюға ұйғарым шығарылды. Ағымдағы жылдың ақпан айында Семей қаласының әкімшілік сотының шешімімен АҚ объектісіне 1 095 000 теңге мөлшерінде айыппұл салынды, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

– Айта кетсек, 2020 жылдан қазіргі уақытқа дейін әртүрлі санаттағы 8 объекті әкімшілік жауапкершілікке (ҚР ӘҚБтК-нің 149-бабы бойынша) тартылды. Полиция департаменті террористік тұрғыдан осал объектілердің басшыларына терроризмге қарсы қорғалу саласына қатысты заңнаманың барлық талаптарын сақтауды ұсынады, – делінген мәліметте.