Семейлік самбошылар ел чемпионатында сәтті өнер көрсетті

498
көрілім

Атырау қаласында спорттық және жауынгерлік самбодан ерлер және әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Жақсылық Үшкемпіров атындағы Семей спорт академиясына сілтеме жасап.

Еліміздегі самбо саңлақтарының басын қосып, мықтыларды анықтайтын додаға Шығыс Қазақстан облысының құрамасы сапында Жақсылық Үшкемпіров атындағы Семей спорт академиясының самбошылары да жарыс жолына шықты.

Нәтижесінде әйелдер арасында 74 келі салмақта Зере Бектасқызы қарсыластарын қапы қалдырып, жеңістің биік тұғырынан көрініп, алтыннан алқа тақты.

Ерлер арасында 82 келі салмақта Руслан Жарқынбаев шешуші сында есе жіберіп, күміс медальға қол жеткізсе, жауынгерлік самбодан 57 келіде Мұхтар Мейрамбек қола медальға қол созды.

Айта кетейік, Атырауға барған Шығыс Қазақстан облысының самбошылары жақсы нәтиже көрсетіп, 3 алтын, 2 күміс, 6 қола медальға ие болды.