Семейлік тұрғын тапаншамен адамдарды қорқытқан

544
көрілім

Семей қаласының тәртіп сақшылары жедел алдын алу шаралары барысында 39 жастағы ер адамды тапаншамен тұрғындарды қорқытпақ болғаны үшін ұстаған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Оқиға 27 тамыз күні орын алған. Ертіс жағасында бір-бірімен ерегесіп қалған ер адамның біреуі газды тапаншасын алып шығып сөзге келген еркектің жұбайына бағыттаған. Осы әрекетімен жанындағыларды жасқандырмақ болды.

Тергеу кезінде қоғамдық тәртіпті бұзған күдікті кінәсін толық мойындады. Полиция қызметкерлері оқиға орнынан «Премьер-4» маркалы тапаншаны тәркіледі. Суық қару ІІБ-де тіркелмеген. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.