Шемонаиха ауданында 20 тонна күнбағыс тұқымы ұрланған

329
көрілім

 Шемонаиха аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 2 000 000 теңге көлеміндегі ұрлықты ашты, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

 Аудандағы белгілі бір ЖШС директоры полицияға күнбағыс тұқымы ұрланғандығы жөнінде арыз түсірген.

- Аталған факті бойынша 1994 және 1992 жылғы екі күдікті ұсталды. Ол екеуі сол ЖШС жұмысшылары болып шықты. Күдіктілер қылмыстарын мойындап, түсініктеме берді, - деп хабарлайды ШҚО Полиция басқармасының баспасөз қызметі.

 Ұрланған тұқым жартылай тәркіленді. ҚР Қылмыстық Кодекстің 188-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.