Шемонаиха ауданында қос азаматтығы бар ер адам ұсталды

469
көрілім
Шартты фотосурет

Ақпан айының басында Шемонаиха ауданының полиция бөлімі көші-қон қызметіндегілер қос азаматтығы бар 55 жастағы ер адамды қолға түсірді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, ол өткен жылдың желтоқсан айында Ресей Федерациясының азаматтығын алып, мемлекеттік шекарадан өту кезінде Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін пайдаланған.
- Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қазақстандық құжаттарды пайдаланғаны үшін ресейлік азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы бойынша 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шетелдік ҚР азаматтығынан айырылған болып тіркелді, - деді ШҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев.