Шемонаиха ауданында Жаңа жылды қарсы алу үшін қанша қаражат бөлінген?

323
көрілім

Шемонаиха ауданында Жаңа жыл мерекесін қарсы алуға жергілікті бюджеттен 2463000 теңге  бөлінді.

– Жаңа жыл қарсаңында көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына жаңажылдық құттықтаулар жасап, сыйлықтар табыстаймыз. Барлық мәдени ошақтарда жаңа жыл мейрамы атап өтіледі. Өкінішке қарай, Орталық алаңға шырша орнату үшін бюджеттен қаржы бөлінбеді., – дейді аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Молдаханов.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аудан әкімінің жаңажылдық шыршасы 24-25 желтоқсан күндері аудандық Мәдениет үйінде сағат 11:00 де өткізіледі. Мерекеге көпбалалы жанұялар, аз қамтылған отбасындағы балалар мен жетім балалар қатысады.

– 31 желтоқсанда сағат 00:15 те жаңажылдық отшашулар басталады. Сонымен бірге халықтық серуен мен би кеші өтеді, - дейді өз сөзінде аудан әкімінің орынбасары.

Айта кетейік, жаңажылдық жасанды шырша аудандық Мәдениет үйінің алдына орнатылады.