Шемонаихада мас күйдегі велосипедшінің салдарынан жол-көлік оқиғасы болды

229
көрілім

16 тамызда жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі

Полицияның мәліметінше 56 жастағы велосипедші алкогольді ішімдік ішкен.

- Ер адам мінген велоспиед Hino көлігімен жанама келіп соқтығысты, - деп хабарлады ШҚО ДП баспасөз қызметі.

Полицейлер жол-көлік оқиғасын жасаған адамның үстінен әкімшілік хаттама толтырды.

Велосипедші жарақат алып, медициналық көмекке жүгінген.