Шипажай бой көтермек

418
көрілім

Катонқарағай ауданының аумағында орналасқан Бекалқа ауылында экологиялық шипажай салу жоспарлануда, деп хабарлайды газет тілшісі YK-News.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық әкімдіктің қаулысында жарияланғандай, жақын бес жыл көлемінде өңірімізде "Алтай інжуі" туристік кластерін қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жалғасын таппақ. Қазіргі уақытта басты назарда бірнеше туристік аумақ тұр.

Бұл бірінші кезекте Алакөл аймағы. Естеріңізге салсақ, біз бұған дейін Үржар ауданындағы әуежайды қайта қалпына келтіру жоспарының барын жазған болатынбыз.

Екіншіден өңірімізде қазіргі уақытта жұмыс істеп жатқан пантымен емдеу орталықтарының ауқымын кеңейту.

Бүгінгі таңда Катонқарағай ауылындағы бұрынғы балабақша ғимаратында "Ұзақ өмір орталығы" ашылған, бұған қоса Бекалқа ауылында 700 орындық «The Best» экологиялық шипажайының құрылысын жүргізу жоспарланып отыр.

Үшіншіден, Ұлан ауданының аумағындағы Сібенің төртінші көлінде "Жібек жолы" демалыс базасы салынбақ. Оның жалпы құны бір миллиард теңгені құрайды.

Ерлен ОСМАНОВ