ШҚО палуандары оқу-жаттығу жиынына қатысуда

502
көрілім
Фотосурет сайт редакциясынан

Грек-рим күресінен облыстың жастар құрамасы сапында спортшылар қазіргі уақытта кезекті оқу-жаттығу жиынына қатысуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Классикалық күрестің қыр-сырын меңгеріп, құрлық көлемінде айтулы жеңістерге қол жеткізген Мәди Жарболов соңғы уақытта аймақ палуандары ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге жеткенін мәлімдеген еді. Әсіресе сәуір айының басында Талдықорғанда өткен V Жастар ойынында бапкерлердің жүйелі жұмысы жемісін беріп, жерлестеріміздің топ жарып, жүлдегер атанған еді. Сол спортшыларымыз бұл күндері Щучинск қаласындағы оқу-жаттығу жиынына қатысуда. Олардың қатарында Нұрсұлтан Базарбаев, Айбек Сабырбеков және өзге де палуандар шеберліктерін шыңдауда. Алдағы меже – Нұр-Сұлтан қаласындағы жарыс. Палуандар 7-10 мамыр аралығында елордада өтетін Жақсылық Үшкемпіровты еске алуға арналған республикалық турнирде бақ сынайтын болады.