ШҚО Полиция департаментінің бастығы тәртіп сақшылары жұмысының жаңа форматқа көшірілетіндігін мәлімдеді

932
көрілім

ШҚО Полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев аймақ тұрғындарымен оnline форматта есеп беру кездесуін өткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО бас полицейі ішкі істер органдары жұмысының негізгі көрсеткіштері туралы және қазіргі уақытта құқық қорғау саласында болып жатқан өзгерістер жайлы айтып өтті.
– Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларына, сондай-ақ Ішкі істер министрінің нұсқауларына сәйкес ішкі істер органдарының негізгі міндеті азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және «полиция қадамдық қолжетімділікте» қағидатын іске асыру болып саналды. Осы мақсаттарға жету үшін жүргізілген реформалар аясында полиция жұмысына, бірінші кезекте осы жылы беделі көтерілген учаскелік полиция инспекторларының қызметтеріне қатысты жаңа әдістер енгізілуде, - деді Сағат Мaдиев.
ШҚО ПД бастығы өз баяндамасында қылмыстық процестің үш буынды моделі жағдайында сотқа дейінгі тергеп-тексеру туралы айтып өтті. Атап айтқанда осы жұмыстарды ұйымдастыру үшін Департамент қылмыстық істерді жаңа жағдайда тергеуге бақылауды күшейтіп, азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзуға, азаматтарды заңсыз қылмыстық процеске тартуға, полиция жұмысында рұқсат етілмеген әдістер-тәсілдерді қолдануға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдады. Бақылауды жүзеге асыру мақсатында барлық полиция бөліністеріне жаппай бейнебақылау орнату жұмыстары жүргізілуде.


– Жоғарыда аталған талаптар бойынша ҚР Үкіметімен бекітілген Жол картасы аясында ішкі істер органдарын жаңғырту жүргізіліп жатыр. Полицияны өз міндетінен бөлек жұмысқа тартудан босату жоспарлануда. Стационарлық бекеттер мен учаскелік полиция пункттерін салу қарастырылуда. Бұл жұмыс халықпен «Сервистік модель» бойынша жұмыстың жаңа форматына көшу аясында жүргізіледі, яғни қылмыскерлер мен құқық бұзушылардың құқыққа қайшы әрекеттеріне тап болған азаматтарға сапалы заңгерлік көмек көрсетуді, қауіпсіздік саласында қарапайым халықтың барлық мәселелеріне барынша көңіл аударуды білдіреді. Басты мақсат, ол қоғам тарапынан полицияға деген сенім деңгейін арттыру. Мұнда азаматтармен тікелей байланыс жасайтын учаскелік полиция инспекторлары мен патрульдік полиция жұмысы негізгі рөл атқарады, - тоқтала кетті бас өңірлік бас полицей.
Сонымен қатар ШҚО ПД бастығы Департаментте, сондай-ақ әрбір қалалық және аудандық полиция бөлімдерінде «Азаматтарға арналған қабылдау» орындары ашылғандығы туралы хабарлады. Мұнда өтінішпен келушілерді білікті консультанттар қарсы алады. Мамандар азаматтардың өз мәселелеріне қатысты сұрақтары бойынша түсініктеме береді, өтініш жазуға көмектеседі және оларды тиісті орындаушыларға жібереді.
– Кәіби өзекті қалыптастыру Ішкі істер министрінің алдыға қойған міндеттерінің бірі болып саналады. ІІМ соңғы жылдары кадрлардың кетуін болдырмауға бағытталған бірқатар ұйымдастырушылық практикалық шараларды қабылдағанын атап өткім келеді, бұл - жалақыны жоғарылату және тұрғын үй жалдау үшін өтемақы төленетін қызметкерлер санатының тізімін кеңейту шаралары, – деп толықтырды өз сөзін департамент бастығы.