ШҚО тұрғындары коммуналдық өтемақы бойынша сұрақтарын қайда жолдай алады?

532
көрілім
Шартты фотосурет

«Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының Қоғамдық қабылдауларына коммуналдық төлемдерге байланысты берілетін 15 мың теңгеге қатысты сұрақтар көптеп түсуде. Осыған орай аудан, қала тұрғындарының назарына төмендегі ақпаратты ұсынамыз, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың карантин және Төтенше жағдай кезінде коммуналдық қызметтер үшін төлемді төмендету туралы тапсырмасын орындау шеңберінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызметтер жеткізушілердің шығындарын өтеу қағидаларын бекітті. Төлем ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2020 жылғы 18 сәуірдегі № 212 бұйрығы негізінде жүргізіледі. Коммуналдық қызметтерді төлеу сәуір және мамыр айларында 15 мың теңгеден коммуналдық қызметтерді жеткізушілермен келісім-шарты бар келесі санаттағы азаматтарға төленетін болады:

- 1-ші, 2-ші, 3-ші топтағы мүгедектер;

- мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

- көп балалы отбасылар;

- Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;

- мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындау, әскери қызмет атқару кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан адамдардың отбасылары; - ең төменгі және одан төмен зейнетақы алатын зейнеткерлер;

- атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, соның ішінде жалғыз басты зейнеткерлер.

ҚР "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына сәйкес коммуналдық қызметтер:

- сумен жабдықтау,

- кәріз,

- газбен жабдықтау,

- электрмен жабдықтау,

- жылумен жабдықтау,

- қоқыс шығару

- лифттерге қызмет көрсету.

Шығындарды өтеу үшін тұтынушы жергілікті атқарушы органға call-орталықтар (қалалар мен аудандардың ТҮКШ бөлімдері) арқылы өтініш беруі қажет. Call-орталыққа жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН), жеке шоттарды хабарлау және әлеуметтік мәртебесін айту қажет. Қалалар мен аудандардың call-орталықтарының жұмысы 2020 жылғы 21 сәуірден басталды. Call-орталықтардың тізбесі қоса беріледі. 28.04.2020 жылғы жағдай бойынша қалалар мен аудандардың call-орталықтары жұмыс істеген сәттен бастап түскен өтініштер саны – 24110 құрайды, оның ішінде 14433 – өтініштер қабылданды, 9677 – түсініктемелер берілді.

Энергетика басқармасы және ТҮКШ жұмыс істейді, бірыңғай call-центр нөмірі: 8(7232) 701-238 үшін түсініктеме беру. Ережеге сәйкес коммуналдық қызметтерді төлеу мерзімі бойынша есептер сәуір айы мамырда, мамыр айы – маусымда төленеді. Call-орталықтың жұмыс тәртібі 8:00-ден 19:00-ге дейін.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Call-орталықтардың телефон нөмірлері:

1.ШҚО энергетика және ТҮКШ басқармасы: 8-7232-701-238

2.Өскемен қаласы: 8-7232-702-224, 8-7232-702-232, 8-7232-702-264

3.Семей қаласы: 8-7222-52-12-12

4. Риддер қаласы: 8-72336-4-29-52

5.Курчатов қаласы: 8-72251-32066, 8-72251-33397, 8-72251-33394

6.Абай ауданы: 8-72252-91877

7. Алтай ауданы: 8-72335-6-36-02

8.Аягөз ауданы: 8-72237-32210, 8-72237-30121

9.Бесқарағай аудан: 8-72236-90220, 8-72236-90748

10. Бородулиха ауданы: 8-72351-2-12-75 (Бородулиха), 87079053089 (Жезкент)

11.Глубокое ауданы: 8-72331-22954, 8 705 649 63 90, 8 705 649 64 59,8 705 649 64 48

12.Жарма ауданы: 8-72347-65-634

13.Зайсан ауданы: 8-72340-21-2-31

14.Катонқарағай ауданы: 8-72341-2-23-21

15.Көкпекті ауданы: 8-72348-2-16-06, 8 777 958 54 55,8 777 803 73 07

16.Күршім ауданы: 8-72339-2-12-20

17.Тарбағатай ауданы: 8-72346-2-14-04,8-72346-50-656, 8-72346-2-11-69-656

18. Ұлан ауданы: 8-72338-27159

19.Үржар ауданы: 8-72230-3-43-03

20. Шемонайха ауданы: 8-72332-9-11-02,8-72332-3-26-44