ШҚО тұрғындарына кене түсе бастады

311
көрілім
Шартты фотосурет

Шығыс Қазақстан облысында 3 адамды кене шаққан, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жылдағы дәстүр бойынша сәуір айы келгенде кене шаққан шығысқазақстандықтар дәрігерлердің көмегіне жүгіне бастайды. Бүгінде Өскемен қаласында – 2, Алтай ауданында 1 адам қансорғыштардан зардап шеккен.

– Өңірімізде кене инцефалитымен ауырмас үшін салдыратын вакцина бар. Жыл сайын облыста бұл жәндікке қарсы іс-шаралар сәуір айының үшінші онкүндігінде бекітілген кестеге сәйкес өткізілетін болады. Сонымен қатар кене таралатын аумақтарға дәрі себіледі, – деп хабарлады ШҚО қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары.

Бұл бағыттағы жұмыстар Өскемен және Риддер қалаларында, Алтай, Глубокое, Зайсан, Катонқарағай, Көкпекті, Ұлан және Шемонайха аудандарының жекелеген аймақтарында жүргізілмек.