ШҚО жастарына парасаттылық ұғымы дәріптелуде

494
көрілім

«Парасат жолы» – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, парасаттылық пен адамгершілік ұғымын дәріптеу мақсатында жүзеге асырылып жатқан жоба.

Осы ретте Өскеменде ШҚО балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Парасат жолы» орталығының негізінде Департаменттің бас маманы Мейіргүл Сахариева жас оқырмандармен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Мейіргүл Сахариева жастарға адалдық, парасаттылық ұғымын түсіндіріп, ел болашағы өскелең ұрпақ қолында екенін жеткізіп, адалдыққа шақырды. Сондай-ақ Департаментпен дайындалған бейнероликті назарға ұсынды.

Кітапхана ұжымы қатысушыларды «Парасат жолы» орталығымен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған кітап көрмесімен танысты.

Кітапханада «Парасат жолы» орталығы ақпан айында ашылған болатын. Орталықтың мақсаты – адалдық, парасатттылық қағидаттарын қалыптастыруға, ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын ілгерілетуге ықпал етету. Мәдениет саласы қызметкерлерінің атынан барлық жерде парасаттық идеологиясын ілгерілету және кез келген сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне төзбеушілікті қалыптастыру.

«Парасат жолы» - адалдық, парасаттылық, әділдік қағидаттарын қалыптастыруға, сондай-ақ рухани құндылықтарды, қоғамда ұлттық мәдениетті ілгерілетуге бағытталған тағы бір жоба.