ШҚО-да 2017 жылдың 6 айында 354 келі есірткі заттары тәркіленкен

539
көрілім
Шығыс Қазақстанның полиция қызметкерлері 2017 жылдың алты айында ғана алынған есірткі заттарының былтыр жыл көлемінде алынған мөлшерден екі есеге асып кеткенін айтып отыр, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Есірткіге тәуелділік мәселесін облыс орталығында өткен конференция барысында дәрігерлер, полицейлер мен педагогтар талқылады.
— Құқық қорғау органдары 2017 жылдың алты айында 354 келі есірткі заттарын тәркілеп, көзін жойды, — деп хабарлады баспасөз мәслихаты барысында есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының алдын алу және ведомствоаралық үйлестіру бөлімінің бастығы Асхат Рамазанов. — Салыстырып қарасақ, өткен 2016 жылдың 12 айында бұл көрсеткіш барлығы 198 келіні көрсеткен.

Тәртіп сақшыларының деректеріне сүйенсек, есірткілік заттардың ішіндегі ең танымалы марихуана көрінеді.
— Биылғы жылы алынған есірткі заттарының ішінде анаша — 1800, апиын — 30 грамды құрады. Сонымен қатар, есірткілік заттардың басқа түрлері де соншалықты қомақты емес. Ал есірткінің ең көп бөлігін марихуана құрайды. Сондықтан оны өңіріміздегі ең көп таралған есірткі түрі деп санаймыз, — деді Асхат Рамазанов.