ШҚО-да 20 жастағы ұрылар көлік нөмірлерін ұрлап, ақша талап еткен

384
көрілім

Тәртіп сақшыларына аталған оқиға бойынша үш шағым келіп түскен. Үш оқиғада да ұрланғаны Ресей Федерациясының тіркеу нөмірлері, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Көлік иелері нөмірлерінің жоғалғанымен қоса ұрылардың қалдырып кеткен хаттарын да байқаған. Заңбұзушылар ұрланған заттың орнына ақша талап етіп, қағазға жазып кеткен.

Полиция қызметкерлері 20 және 21 жастағы күдіктілерді ұстады. Олар кінәларын толық мойындап, алған нөмірлерін иелеріне қайтарып берді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.