ШҚО-да 58 оқушы коронавирус жұқтырды

308
көрілім

Өңірде 1 қыркүйек пен 11 қазан аралығында 58 оқушы жұқпалы дертке шалдыққан, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, науқастардың 34-і кезекші сыныптарда білім алса, қалған 24 бала қашықтан оқыған.

– Нақты айтсақ, Алтай ауданында – 11, Глубокое ауданында – 10, Риддер қаласында – 11, Семейде – 7, Өскеменде – 8, Көкпекті ауданында – 5, Шемонаиха ауданында – 2, Курчатов қаласында – 2 және Күршім мен Катонқарағай аудандарында 1 оқушыдан коронавирус жұқтырды, - деп хабарлады ведомство өкілдері.