ШҚО-да Абайдың 175 жылдығына орай ұлттық ат спортынан фестиваль өтеді

289
көрілім
Фотосурет - qarmaqshy-tany.kz сайтынан

Шығыс Қазақстан облысында ұлы ақынның мерейтойына орай 14-16 тамыз аралығында ұлттық ат спорты түрлерінен фестиваль өткізілмек, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

ШҚО Ішкі саясат басқармасының басшысы Ирина Смиттің айтуынша, хакімнің 175 жылдығында облыстың қала-аудандарында жалпы саны 93 спорттық шара ұйымдастыру жоспарланып отыр. Оның ішіндегі ең ауқымдысы – ұлттық ат спорты түрлерінен өтетін фестиваль болмақ.

- Бұл фестиваль 14-16 тамыз аралығында Абай ауданының орталығы Қарауыл ауылында өтеді. Қатысушылар 15 ұлттық спорт түрі бойынша сайысқа түспек. Сондай-ақ жартылай марафон ұйымдастырылып, жасөспірімдер футбол, волейбол, баскетбол бойынша бақ сынасады, - дейді ол.