ШҚО-да алғашқы шетелдік көлік тіркелді

510
көрілім

Шетелдік автокөлікті тіркеу науқаны аясында Өскеменде алғашқы көлік тіркелді, деп хабарлайды "Азаматтарға арналған үкімет" ШҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі.

Облыс тұрғыны Анастасия Кузьмичева 2022 жылы Ресей Федерациясынан Өскеменге әкелінген көлігін тіркеді.

– Өңір тұрғыны ретінде мемлекет берген мүмкіндікті пайдаландым. Бұл халықтың қолдауы, дән ризамыз. Көлігімді ойдағыдай заңдастыра алғаныма қуаныштымын, - деп атап өтті ол.

Бүгінгі таңда заңдастыру бойынша 150-ден астам адам өтініш берсе, олардың 90-нан астамы бірінші кезеңнің мақұлдауын алды. Жаңа нөмірді тек екі автокөлік иесі тіркеді. Сондай-ақ мамандар көптеген көліктің кедендік мәліметтері табылмағанын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, қаңтар айының 23-інде елімізде шетелдік автомобильдерді заңдастыру науқаны басталды. Кез келген автокөлік иесі осы акцияны пайдаланып, заңдастыруға өтінім бере алады.