ШҚО-да аңшыларға оқу семинар өткізілді

505
көрілім

ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп аңшылық шаруашылықтар арасында «электронды үкімет» порталы арқылы аң аулауға рұқсат алу бойынша оқу семинар өткізді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Шара барысында аңшыларға тиісті құжаттарды рәсімдеудің оңай жолы көрсетілді.

– Бұрынғы кездері аңға шығу үшін тұрғындар басқармаға келіп арыз жазатын, – деп хабарлады облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мамандары, – Одан басқа да құжаттарды жинау көп уақытты қажет ететін. Ал қазір электронды үкімет» порталын қолданып, үйден шықпай-ақ барлығын рәсімдеуге мүмкіндік бар. Өткен жылы дәл осындай электронды жүйеге балық аулауға қажетті құжаттарды енгізген болатынбыз.