ШҚО-да «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының директоры қалалықтармен кездесу өткізді

387
көрілім

Бүгін "Халыққа жақын бол" акциясы аясында Өскемен қаласының №3 ХҚКО-да ШҚО бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясының филиалының директоры Азамат Есембулов кездесу өткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Акцияның мақсаты - халықтың пікірін білу, фронт-офистерінің жұмысына, мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызмет сапасына байланысты сұрақтарға жауап беру.

– Әр жұмыстың көрсеткішін жақсарту үшін басшы тек кабинетке отырып қалмай, жұмысты қайнап жатқан «алаңнан» көруі керек. Сондықтан "Халыққа жақын бол" акциясы аясында басшылық құрам фронт-офистерге жұмыс істеуге шықты. Бұл қызмет алушылармен кері байланыс алуға көмектеседі, – дейді филиал директоры.

Азамат Есембуловтың айтуынша, клиенттер бейдждегі "директор" деген жазуды байқаған сәтте бірден таң қалады. Әдетте басшының өзі қызмет көрсетіп, egovmobile қосымшасын үйретіп жатқанына қызмет алушылардың таңданыс білдіретіндіктері рас. Көптеген адамдар ұялады, кейбіреуі күлсе, ал біреулер достарына көрсету үшін суретке түскілері келетін көрінеді.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінде өңірде мемлекеттік корпорацияның 27 фронт-офисі (ХҚКО) жұмыс істейді. 2019 жылы ШҚО бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы 1,5 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті, оның 900 мыңнан астамы - өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында көрсетілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15% - ға артық.