ШҚО-да БАҚ өкілдері арасында конкурс жарияланды

264
көрілім
Шартты фотосурет

ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі БАҚ өкілдері арасында конкурс жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері саясатта бұқаралық ақпарат құралдары мен коммуникациялардың маңызды орын алатынын баса айтуда. Сондықтан халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша БАҚ рөлін ескере отырып, ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы үздік журналистік жұмысқа арналған жыл сайынғы конкурс жариялайды. Байқау Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылмақ.

 - Конкурстың мақсаты – бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы қоғамды ақпараттандыру деңгейін арттыру, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және нығайту. Байқау үш номинация бойынша өткізіледі: «Үздік телевизиялық жұмыс», «Үздік баспа жарияланымы», «Үздік интернет-жарияланым», - делінген мәліметт.

Облыстағы республикалық және өңірлік деңгейдегі барлық БАҚ журналистері конкурсқа қатысуға шақырылады. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2021 жылғы 1 қарашаға дейінгі кезеңде жарияланған не эфирге шыққан материалдар, сондай-ақ жарияланымдар топтамалары қабылданады.

Конкурсқа ұсынылатын жұмыстардың саны шектелмеген. Қойылатын талаптарға сай келмейтін, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен материалдар конкурсқа жіберілмейді. Материалдар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде қабылданады. Конкурсқа материалдарды қабылдаудың соңғы күні – осы жылдың 15 қарашасы, - делінген мәліметте.

Барлық сұрақтар бойынша ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне Өскемен қаласы, Лихарев көшесі 2, тел. +7 (7232) 298956, электрондық пошта: 298939@mail.ru мекен-жайы бойынша хабарласуға болады.