ШҚО-да бес жылдан кейін жаман жолдар болмауы керек

348
көрілім

2025 жылы жақсы және сапалы жолдар кем дегенде 95% болуы керек. Мұндай тапсырма облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде берілді, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

- Биыл облыс орталығы мен аудандық елді мекендерде маңызы бар көшелерді жөндеу үшін 22 миллиард теңге қаржы бөлінді, - деді облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов. - Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына 11,1 миллиард қаржы жұмсалды.

Барлығы 403 шақырым жолдар мен көшелер жөнделді, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 65 шақырымға көп. Қазіргі уақытта жағдайы жақсы автомобиль жолдарының үлесі 81 пайызға жетті. Бес жыл ішінде қалыпты сапалы жолдардың үлесін 95 пайызға дейін жеткізуді жоспарлап отыр.

ШҚО әкімі бір ай ішінде 2025 жылға дейін жұмыс жоспарын құруды тапсырды, онда аймақтың осындай жоғары көрсеткіштерге қалай қол жеткізетіні есептеледі.

- Ұсынылған жұмыс ауқымы мен қаржыландыру мөлшері нақты көрсетілуі керек, - деп тапсырды облыс әкімі Даниал Ахметов. - Әр жылды есептей келе қаржыландыру жағынан 95%-ға жетуге мүмкіндігіміз бар ма, жоқ па, осы мәселе қарастырылсын.