ШҚО-да бұршақ жаууы күтіледі

303
көрілім

Синоптиктер бүгін ел аумағында күн райы ала бұлтты болатынын болжады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Мамандар тек республиканың шығысында ғана солтүстік-батыс циклонының әсерінен кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, дауыл соғатынын болжауда. Кей өңірлерінде бұршақ жаууы ықтимал.

Республиканың орталық, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінде шаңды дауыл тұрса, солтүстікте тұман түсуі күтіледі.

ШҚО-да жел екпіні – 15-20 м/с, бірқатар өңірлерінде 25 м/с дейін күшейеді. Кей жерлерде дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін.