ШҚО-да ер адам 32 қап тауық жемін ұрлаймын деп ұсталды

318
көрілім

Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 280 мың теңгені құрады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шаралары барысында 29 жастағы өскемендік азаматты қамауға алды. Ол саяжай аумағына кіріп, 32 қап тауық жемін ұрлап кеткен.

Полицейлердің айтуынша, күдікті кінәсін толық мойындады. Тергеу амалдары жүргізілуде.