ШҚО-да қалың қар, бұрқасын жел мен көктайғақ күтіледі

271
көрілім

Төтенше жағдайлар департаментінің ақпараты бойынша, ауа райының қолайсыздығына байланысты Семей қаласының маңындағы бірнеше көлік жолдары жабылды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

«Казгидромет» РМК 4-6 ақпан аралығындағы ауа райы болжамын жариялады.

- Қазақстанның Солтүстік, Орталық және Шығыс облыстарында қалың қар, бұрқасын жел мен көктайғақ болады, деп хабарлайды «Казгидромет» РМК.

ШҚО ТЖД ақпаратына сәйкес, ауа райының қолайсыздығынан 3 ақпан күні сағат 14.30-дан бастап облыстық маңызы бар Бородулиха-Жезкент, Шар-Бақыршық жолдары көліктің барлық түрлері үшін жабылған.