ШҚО-да қар көшкініне байланысты жол жабылды

312
көрілім

Өскемен-Алтай тасжолы уақытша жабылады. деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Baq.kz ке сілтеме жасап. 

Аталмыш автокөлік жолында қар көшкінінің алдын алуға байланысты жұмыстар жүргізіледі.

- 19 наурыз күні 11.00-ден бастап Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары тасжолының 58 және 66 шақырым аралығында көлік қозғалысы тоқтатылады. Аумақта қар көшкінінің алдын алу іс-шаралары жүргізіледі, – деп мәлімдеді "Қазақавтодор" ЖШС-ның облыстық филиалы.