ШҚО-да көптілді білім беру қолға алынуда

397
көрілім

Бұл туралы ШҚО Білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Оның айтуынша, қазір өңір бойынша 648 мектепте орта білім беру бір бағытқа қойылып келеді. Одан бөлек, мектептерде көптілді білім беру де қолға алынған.

- Қазір өңір бойынша 25 мың бүлдіршін бірінші сыныпта білім алуда. Бірқатар мектептерде түрік тілін үйрету күн тәртібіне қойылды. Көптілді білім берудің маңызы артып келеді. Қазір біртіндеп мектеп бағдарламаларына француз және неміс тілдерін енгізудеміз. Бұл оқушылардың білім сапасын көтеруге үлкен сеп, - дейді Сайрангүл Ахметкәрімқызы.

Нұрбек АСҚАРОВ